Каспийдегі қайғылы оқиға: әскерилердің отбасыларына көмек қаржы жинау аяқталды

Көмек зардап шеккен жандарға жақын арада таратылады. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов арнайы мәлімдеді. 

«Қаржылай көмек қайғының орнын толтыра алмайтынын түсінеміз. Дегенмен осындай ауыр жағдайда отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – біздің парызымыз», - деді Бекмұрат Жүсіпов. Қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылған. Оған Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтар атсалысты.

Бекмұрат Жүсіпов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар келіп жатқан қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылды. Осы қордың қызметін бақылау жөніндегі комиссияға жетекшілік етуді маған, яғни Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке сеніп тапсырылды. Қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталды. Бұл Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтарымыздың арқасында мүмкін болып отыр. Осыған байланысты қаражат жинақтау ресми түрде аяқталды. Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде жақын арада осы жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін сеніммен айтамын.

Сондай-ақ оқыңыз: