Шығыс Қазақстан облысында 102 дәрігер жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысында дәрігер тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Қазір өңірдегі медициналық мекемелерде жалпы 102 маман жетіспейді. Оның 25-і — ауылдық елді мекендерге қажет кадрлар, деп хабарлайды 24KZ.

Әсіресе анестезиолог, гинеколог, кардиолог секілді бейінді мамандарды табу қиын. Сала басшыларының айтуынша, бұл бағыттағы кадр тапшылығын азайту үшін бірқатар шара қолға алынған. Мәселен, ауыл медицинасына үлес қосуға келген жас мамандарға 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік көтерме ақы беріледі. Сонымен қатар бейінді бағыттар бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруға да басымдық беріліп отыр.

Айнаш Қапанова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз бұл кадр тапшылығын шешу үшін түрлі әдістерді пайдаланып жатырмыз. Қазір облыстық бюджет есебінен 49 маман резидентурада білімін тереңдетіп жатыр. Медициналық жоғарғы оқу орнын аяқтаған 67 түлек өлкемізге жұмысқа тұрды. Соған қарамастан маман жетіспеушілігі әлі де бар.

Сондай-ақ оқыңыз: