Ақтау портында екі айлақтың құрылысы басталады

Қытайдан шыққан темір жол Қазақстанды көктей өтіп, Каспийге жетеді.

Мұнда Құрық және Ақтау портары бар. Ақтау портында енді тағы 2 айлақ салынады. Мұндағы бір мәселе кейінде Каспий тартыла бастағаны белгілі. Сол себепті порттағы айлақтардың түбі тереңдетіліп жатыр. Елдің басты теңіз қақпасы жылына 12 млн тоннаға жуық жүк қабылдап, жан-жаққа жөнелте алады. Ақтау портына негізінен Бакуден кеме көп келеді. Бұған дейін бауырлас мемлекеттер арасында жүк таситын 7 су көлігі тұрақты қатынаса, биыл тамызда тағы 3 кеме қосылды.  Одан бөлек, отандық экспорттың көлемі артты. Қытайдан еліміз арқылы шетелге шығатын транзиттік тасымалда көбейді. Енді порттағы жұмыстар цифрландырылып, контейнерлік хаб та жұмысын ширатты.

Ғалым Айтжанов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК Басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- 2028 жылға дейін Қазақстан жағынан 20 кемеге дейін жеткізуге жұмыстанып жатырмыз. Соның 6-уы жаңадан құрастырылған кеме болады. Өткен жылы 4 млн 909 мың тонна жүк жөнелтілді, енді биылғы жоспар бойынша 5 млн 909 мың тонна жүк жөнелтуіміз керек. Соның ішінде ТМТМ басым бағыты бойынша жүріп жатқан контейнерлік жүк жөнелту. Оның былтырғы жылы тиегеніміз 63 мың ЖФЭ контейнер болды. Бүгінгі таңда 93 мың контейнерді тиеуге бізде бүгінгі таңда мүмкіндік бар.

Сондай-ақ оқыңыз: