WorldSkills 2026: сегіз қазақстандық медаль алды
Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды.
Қоржында бір қола медаль, кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» арнайы марапаты бар. «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігінде Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды. Алты қатысушы кәсіби шеберлігі үшін медальдарға ие болды. «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» бойынша бақ сынаған Камила Әлиева «Best of Nation» марапатын алды. Айта кетерлігі, Әлем чемпионатына Қазақстаннан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты.