Әскердегі қауіпсіздік: депутат цифрлық бақылау жүйесін ұсынды

Әскери оқу-жаттығу өткізетін аумақты дрондар арқылы үздіксіз бақылау қажет. Құрылтай депутаты бүгін әскердегі қауіпсіздік мәселесін көтерді. 

Аббат Өрісбаев үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында салаға цифрландыру жайы жетпейтінін ашық айтты. Халық қалаулысының сөзінше, сарбаздың әрбірінде жеке электронды белгі болу керек. Бұл оның орналасқан жерін кез келген уақытта анықтауға мүмкіндік береді. «Қауіп төнген жағдайда жүйе автоматты түрде дабыл беруі тиіс» , - деді депутат. Үкіметтен осы бағытта барлық мемлекеттік органдардың жұмысын қайта қарап, қауіпсіздік талабының орындалуын тексеруді сұрады. 

Аббат Өрісбаев, ҚР Құрылтай депутаты:

- Дамыған заманда заманауи технологияларды қолдану арқылы ұсыныстарымыздың бірі – цифрлық қауіпсіздік жүйесін енгізу. Оның ішінде әскер және төтенше жағдайлар саласында оқу-жаттығу кезінде осы құтқару стандарттарын енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз: