Президент Siemens AG компаниясының вице-президентін қабылдады  

Озық құрал-жабдықтарды сатып алу ғана емес, өндірістік, инженерлік және сервистік орталықтарды құру да – негізгі мақсат. 

Президент Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президентіне Қазақстанның қызығушылығы туралы айтты. Бернд Ульбрихтке экономиканың нақты секторларындағы цифрлық трансформация бойынша жүйелі жұмысты да таныстырды. Ал Siemens-тің интеллектуалды инфрақұрылымдық негізі елдің жаңғыру басымдықтарына сай келеді. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens пен қазақстандық Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинаты құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі бірлескен жобасына қолдау білдірді. Сондай-ақ Siemens Healthineers компаниясымен медициналық технология саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екеніне назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыз: