Жеңілдетілген бизнестің табысы 18,9%-ға өсті
Елде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын бизнестің табысы өсті.
Биылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлер 9,4 трлн теңге пайда тапқан. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 19 пайызға көп.
Бұл ретте аталған режимдегі компанияларда жұмыс істейтін азаматтардың қатары да артып, 509 мың адамға жетті. Бір жылда 14 пайыздан астам өсім көрсетті. Салық заңнамасын жетілдіру – бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың бірі.
Биыл қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бұған сәйкес арнайы салық режімдері оңтайландырылған болатын.