Көмірге сұраныс азайды

Елде көмірге сұраныс азайды.

Былтыр қажеттілік 8 млн 300 мың тонна болса, биыл 1 млн тоннаға кем. Басты себеп - тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға газ берілді. Бұрын бұл уақытта елордалықтар темір жолдағы тұйықта көмірдің кезегіне тұратын. Қазір қор жеткілікті. Қала бойынша 14 көмір сататын орын мен 10 қойма жұмыс істеп тұр. Әкімдіктің ақпараты бойынша ең қымбаты Шұбаркөл көмірі. Орташа бағасы тоннасына 19 500 теңге. Қаражыра көмірі 18 800, ал Майкүбі көмірінің тоннасы 16 800 теңге. Жалпы ел бойынша биылғы қысқа 7 млн тоннадан аса көмір қажет.

КӨМІР БАҒАСЫ

Шұбаркөл – 19 500 тг/т

Қаражыра – 18 800 тг/т

Майкүбі – 16 800 тг/т

Мәди Қазақбаев, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, алдағы жылыту маусымына халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттілік жоспарын айқындады. Айқындалған жоспарға сәйкес,  көмір қажеттілік қоры 7,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде  5,7 млн тонна халық қажеттілігіне, қалған 1,6 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға арналған.

Сондай-ақ оқыңыз: