Цифрландыру есебінен бюджет шығыны 1,5 трлн теңгеге қысқарды

Цифрландыру бюджеттің 200 млрд теңгеге дейінгі сомасын үнемдеуге мүмкіндік берді. Қаржы министрі Мәди Тәкиев үкімет отырысында бірыңғай цифрлық жүйенің тиімділігіне тоқталды.

Оның айтуынша, жүйе бюджет қаржысын жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, қазынашылық атқару және онлайн мониторинг процестерін толық қамтыған. Осылайша, қазынадан бөлінген әр теңгенің қозғалысын қадағалап, қаражатты жарату тиімділігін бағалауға болады. «Бюджетті жоспарлау кезінле тек фискалдық деректерді пайдалану есебінен жылына 200 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туды», - деді Мәди Тәкиев. Ал 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыруда 1,5 трлн теңге көлеміндегі шығынның алды алынды.

Сондай-ақ оқыңыз: