Ұлытауда әлеуметтік төлем тағайындауда заң бұзушылық анықталды
Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан азаматтарға берілетін көмектің тәртібінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған дейін біржолғы әлеуметтік төлем 11 ауру түрінің тек үшеуіне ғана тағайындалған. Соның салдарынан қалған санаттағы азаматтар мемлекеттік қолдаудан тыс қалған.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілер қайта қаралды. Соның нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылардың қатары кеңейтіліп, Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны біржолғы төлем алатын болды.