ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ ресми түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген түрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме беріп, бұл мәселеге нүкте қойды, деп хабарлайды «24KZ».
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азаматтар уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге толық құқылы. Дегенмен, ведомство өкілдері атап өткендей, ЖСН азаматқа өмірінде бір-ақ рет беріледі және оны қайта өзгертуге ешқашан жол берілмейді,- делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство тұрғындарды ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырады.