Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Пысықайлар "маркетплейсте сауда жүргізуді үйретем" деп азаматтарды сазға отырғыза бастаған.

Бұл туралы Бас прокуратура ескертті. Мемлекеттік орган берген мәлімет бойынша елорда тұрғыны оқыту курсы барысында жәбірленушілердің сеніміне кіріп, маркетплейс арқылы тауарларды сатып алу және кейіннен сату үшін ақша салуды ұсынған. Алайда ол бұл қаражатты өз қалауынша пайдаланған. Қылмыстық әрекет салдарынан бес жәбірленушіге жалпы сомасы 15,6 млн теңге материалдық залал келді. Бүгінде бұл азамат алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурорлар ақша алушының жеке басын, оның қызметінің заңдылығын тексермей және міндеттемелерді тиісті түрде құжатпен рәсімдемей, ірі көлемдегі ақшалай қаражатты аудармауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз: