Алматы тауларына биыл 1,5 млн турист келеді деген болжам бар

Биыл Алматы тауларына баратын туристердің саны бір жарым миллионға жетеді деген болжам бар. Бұл туралы шаһар басшысы Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, туристер саны алдағы уақытта екі есе көбеюі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Келушілер легінің артуына байланысты Шымбұлақ, Кімасар, Бұтақты, Пионер және Ой-Қарағай тауларын туристік кластер ретінде біріктіру жоспарланған. Жоба аясында саяхатшылардың сүйікті орнына айналған аймақтарды жалғайтын аспалы жолдар салынып, отбасылық демалыс орындары пайда болады. Жауаптылардың айтуынша, қала қонақтары мен тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін барлық жағдай қарастырылған.

Ғалия Тоқсейітова, қалалық Туризм басқармасының басшысы:

– Қазір табиғатты тамашалап, танып-білуге келетін туристердің қарасы қалың. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту аса маңызды. Келушілер көп болғандықтан, техниканың жетуі және құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне басымдық беру керек.

Сондай-ақ оқыңыз: