Қазақстан-Бельгия арасындағы сауда айналымы өсті
Биыл 8 айда Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда айналымы 353 млн АҚШ долларынан асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.
Ол кезде екі ел арасындағы алыс беріс 324 млн доллар болған. Бүгінде Қазақстанның Бельгияға экспорты 183,7 млн долларға жетті. Өсім – 9,7%. Ал импорт көлемі бұдан аз. 169 млн доллардан сәл асты.