ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды

фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ». 

Бұл туралы Облыстық прокуратура таратқан мәліметте айтылған. Глубокое ауданының прокуратурасы спутниктік суреттерді талдау және аудан аумағын көзбен шолып тексеру нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтаған.

Аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау шаралары бойынша бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленген.

Сондай-ақ оқыңыз: