Президент Бельгия Королі және Патшайымымен балаларды оңалту орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды.
Меймандар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін кешенді көмекпен танысты. Оларға медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық қолдау және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері таныстырылды. Балалардың жеке оңалту бағдарламаларында роботтандырылған технологиялар да қолданылады. Король мен Патшайым балалармен, ата-аналармен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты. Сонымен қатар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Орталық жыл сайын елдің барлық өңірінен келген бес мыңнан астам балаға оңалту қызметін көрсетеді.