Қазақстан әуежайларында ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға жағдай жасалады

фото: ЖИ

Қазақстанда әуежайлар мен әуе компанияларында ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірлескен жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды 24KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобы әуежай инфрақұрылымының қолжетімділігін бағалап, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелерді анықтайды. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қызмет көрсетудің бірыңғай тәртібін әзірлеп, әуежайлар мен әуе компанияларының өзара іс-қимылын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Бұл мәселе Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде өткен кеңесте талқыланды. Оған Көлік министрлігінің, әуе компаниялары мен әуежайлардың өкілдері, сондай-ақ инклюзивті қоғамдастық мүшелері қатысты.

Кездесуде мүгедектер арбалары мен өзге де қозғалыс құралдарын қауіпсіз тасымалдау, инфрақұрылымды бейімдеу және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері көтерілді.

Жұмыс тобы қолданыстағы талаптар мен қызмет көрсету тәжірибесін талдап, ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың нақты сұраныстарын ескере отырып, қолжетімділікті арттыру жолдарын ұсынбақ.

Сондай-ақ оқыңыз: