Екібастұзда елдегі ең ірі ферроқорытпа зауыты салынып жатыр

Жалпы құны 206 млрд теңге болатын кәсіпорынның құрылысы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы ферроқорытпа балқыту жұмыстары келесі жылы басталады, деп хабарлайды 24KZ.

Ал толықтай 2028 жылы іске қосылмақ. Кәсіпорында 830 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған зауыттан жылына 160 мың тонна ферросилиций шығарылады. Ферроқорқытпа – аса сұранысқа ие, стратегиялық маңызы өте жоғары металдар қорытпасы. Онсыз қазіргі өнеркәсіпті елестету қиын. Өйткені болаттың беріктігін арттырып, тозу деңгейін төмендететін ферроқорытпа машина жасаудан бастап, авиация мен құрылыс саласында кеңінен қолданылады.

Әли Сағдидоллаев, ферроқорытпа зауытының бас технологы:

– Бұл – қуаты 33 мегавольт-ампер болатын ферроқорытпа пеші. Тәулігіне шамамен 61 тонна ферросилиций өндіреді. Өндіріс кезінде ауаға тарайтын газ алдымен арнайы қондырғыда салқындатылып, кейін 99 пайызға тазарады. Ал ауаға шығатын газ мөлшері текше метріне 10 миллиграмнан аспайды. Сондықтан экологиялық талаптарға сай деп толықтай айта аламыз.

Сондай-ақ оқыңыз: