Екібастұзда екі энергоблок салынып жатыр
Екібастұздағы екінші электр станциясы жаңғыртылып, үшінші және төртінші энергоблоктар салынып жатыр.
Су жаңа қос блоктың бірі 2028 жылы, екіншісі 2030 жылы іске қосылады. Болашақта әрқайсысы 550 МВт электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Бұл өңірдің энергетикалық әлеуетін күшейтіп, инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге айтарлықтай ықпал етпек. Жаңа энергоблоктардың басты ерекшелігі – «таза көмір» технологиясы қолданылады. Яғни жаңа үлгідегі сүзгілердің арқасында ауаға тарайтын зиянды заттар айтарлықтай аз болады.
Дәурен Мұзапаров, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ күрделі құрылыс басқармасының бастығы:
- Біздің артымызда Қазақстандағы ең ірі энергоблок салынып жатыр. Құрылыс қалай жүріп жатыр? Жақсы. Қазір алаңқайда 450-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 50 техника. Жабдықтар Ресейден, шетелден келіп жатыр, қазақстандық құрылғылар. Турбинаның іргетасын салып жатырмыз. Бу қазанға фундамент салып жатырмыз және қатты үрлейтін құрылғының жұмыстары жүргізілуде.