Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

фото: ОСК

Бүгін, 13 қазан күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қай күні өтетінін жария етті, деп хабарлайды «24KZ»

Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өтетін мәслихат сайлауын 2026 жылдың 29 қарашасына белгілеген.

Сайлау туралы конституциялық заңның 101-бабының үшінші тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өкілеттіктердің мерзімі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей өткізуі қажет.

ҚР сайлау туралы заңның 12-бабының 14-тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, — деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Сайлау комиссиясы тиісті Қаулыны қабылдады. Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.

Алдағы сайлау шеңберінде 228 мәслихатта 3447 депутатты сайлау жоспарлануда. Атап айтқанда: 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық, 2053 мандат аудандық мандат бар.

Кеше, 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: