Апатты үйден жаңа баспанаға: Маңғыстаудың төрт ауданында жаңа үйлердің құрылысы басталды

Маңғыстау облысында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған «Реновация» бағдарламасы аясында бір мезетте 4 ауданда жаңа баспаналардың құрылысы басталды, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңаөзен қаласында, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында және Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында құрылыс жұмыстары қатар қолға алынды.

Бұл көптен бері баспана жағдайының жақсаруын күткен тұрғындар үшін маңызды жаңалық екенін айтқан Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс сапасы мен мерзіміне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу халықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін маңызды міндет екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта біз де нақты жұмыстарды қолға алып отырмыз. Құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауымыз қажет. Басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы баспанада өмір сүруіне жағдай жасау, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

​

Бүгінде Маңғыстау облысында 64 тұрғын үй апатты деп танылған. Оларда 1 061 пәтер бар. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы шамамен 54 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жоба аясында 1 012 пәтерді пайдалануға беру көзделген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: