Қарағандыда той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды
Қарағанды қаласында үйлену тойы кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамағаны анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиғаға қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралған. Онда жүргізушілердің жолда қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқан.
Полиция қызметкерлері жүргізілген тексеру нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азаматтар анықталып, олар жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз