Атырауда психотроптық зат қолданған ер адам көлік басқарған
Атырауда психотроптық зат тұтынған күйде көлік басқарған және жол қозғалысы ережелерін бұзған бес жүргізуші анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
14 қазанда патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейд жүргізді. Тексеру кезінде BMW көлігін басқарған жүргізушінің психотроптық зат тұтынғаны анықталды.
Сонымен қатар көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан Daewoo көлігін басқарған азамат ұсталды. Бұдан бөлек, Toyota, Lada және Chevrolet көліктерінің жүргізушілері қарсы бағыттағы жолаққа шыққан.
Жалпы, бес жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.