AMW 2026. Жасанды интеллект көмегімен хабар тарату талқыланады
Орталық Азиядағы ең ірі медиафорум Astana Media Week-тің бүгін екінші күні.
Осымен 10-рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шарада биыл өзгеріс көп. Отандық БАҚ өкілдерінің басын қосқан жиын бағдарламасында бүгін ЖИ-ді пайдалана отырып, көп тілді хабар тарату тәсілдері, критикалық интеллект сынды тақырып қаузалмақ. Сонымен қатар өңірлік редакцияларды қолдау, отандық контент өндірісін дамыту және медиа нарықтың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылады. Бұдан бөлек түстен кейін шара аясында әр өңірден арнайы шақыртылған БАҚ өкілдері арасында үздік баспасөз хатшысы және үздік баспасөз қызметін марапаттау рәсімі өтпек.