Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Жетісу облысы Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымы тұсында Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы мен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «24KZ»
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, микроавтобус КамАЗ тіркемесінің астына кіріп кеткен.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта келе жатқан КамАЗ тіркемесімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.