Отандық өнім ережесі: сауда сөрелерінің 30%-ы қазақстандық тауарларға арналады

Елде сауда сөрелеріндегі тауарларға қатысты жаңа ереже күшіне енді.

Енді сауда орындарындағы отандық өнімдердің үлесі 30 пайыздан кем болмайды. Бұл тек азық-түлік қана емес, киім-кешек, тұрмыстық және тауардың басқа да түрлеріне қатысты. Қазақстандық маркамен шығарылған тауарлардың саны сол сөредегі барлық тауар санына шаққанда есептеледі. Отандық өнім сатып алушыға көрінетін әрі қолжетімді жерге қойылуы міндетті. Қазір елдегі сауда көлемі тоғыз айда 61 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға көп. Оның ішінде көтерме сауда көлемі 40,7 трлн теңге, бөлшек сауда 20,5 трлн теңгені құрады. Сауда айналымының басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкент қалаларына, сондай-ақ Атырау мен Қарағанды облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз: