Республика күні қарсаңында ұландық 2000-шы рет жауынгерлік қызметке шықты

фото: gov.kz

Ұлттық мереке алдында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 3650 әскери бөлімінің аға сержанты Бекнар Жылқышпаев 2000-шы рет жауынгерлік қызметке түсті, деп хабарлайды «24KZ». 
Аға сержант Жылқышпаев маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін бөлімде 20 жылға жуық уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ол алғашқы еңбек жолын қатардағы жауынгер қызметінен бастаған. 
Әскери қызмет тізгінін ұстаған аға сержант алты баланың әкесі. 
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері патрульдік және қарауылдық қызметпен қатар, мемлекеттік маңызды нысандарды күзетеді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: