Jastar X диалог алаңында ел болашағы талқыланды

Ел болашағын жастар қалай елестетеді?

Республика күніне орай өткен Jastar X диалог алаңында осы мәселе талқыланды.

Кездесуде жас буынның ел дамуына қосатын үлесі, цифрлық тенологиялар мен ұлттық құндылықтарды ұштастыру жолдары сөз болды. Жиынға IT мамандары, кәсіпкерлер, медиа өкілдері мен сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауы жеңімпаздарының жобалары да таныстырылды. Олардың қатарында ерекше балаларға арналған терапиялық ертегілер кітаптары, қазақ тіліндегі ойындар мен интерактивті оқулықтар бар. Бұл өнімдер бүлдіршіндердің тілдік және танымдық қабілеттерін дамытуға көмектесіп, қазақ тіліндегі пайдалы контенттің аясын кеңейтуге бағытталған. 

Найла Мұхтарова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Халық Кеңесі бүгінгі күні жастар саясатына аса мән береді және де бүгінгі күні сол жастармен жұмыс және де олармен кездесу пікірталас алаңдарын ұйымдастыру сияқты мәселелерге үлкен мән беріліп отыр сондықтан бұл алғашқы осындай іс-шаралардың бірі деп айтсақ та болады, сонымен қатар бүгінгі іс-шараның аясында тәуелсіздік ұрпақтарының жеңімпаздары өздерінің өнімдерін жұртшылықтың назарына ұсынып осы күнге шейін жеткен жетістіктерімен бөлісетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз: