Жаңа Ата Заң: референдумнан кейінгі диалог
Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін бірқатар заңнамаға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Жуырда Парламентке жаңа конституциялық заңдар ұсынылады.
Оларды талапқа сәйкестендіру қажет. Осыған байланысты бүгін елордада ғалымдар мен сарапшылар пікір алмасып, алдағы жоспарларды бір пысықтап алды.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Референдум өтті. Президент өзінің Жарлығында тура іске асыратын нормаларды жазды. Ол қандай нормалар? Бес конституциялық заң келеді. 60 заңды да өткізу керек. Мысалы, Президент туралы заң, Құрылтай туралы заң. Әкімшілік-аумақтық заңдар. Алатау Сити деген заң бар. Осы заңдар тезірек қабылдануы керек. Шешімдерді шығару керек. Осының барлығы Қазақстанның конституциялық архитектурасы болады.