Republic Day және Bereke Fest: тауарды 50%-ға дейінгі жеңілдікпен алуға болады
Елдегі сауда орындары Республика күніне орай жеңілдіктер жасайды.
Бұл Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған Republic Day және Bereke Fest науқандары. Өңірлердегі 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен 417 сауда желісі акцияға атсалысады. Мереке қарсаңында тұтынушылар тауарды 50 пайызға дейін жеңілдікпен сатып ала алады. Бастама 27 қазанға дейін жалғасады.