Тоқаев халықаралық жүк ағындарын ұйымдастырушы рөліне көшуді тапсырды

Еліміз халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшуі қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Әлемдік логистика ауқымды трансформация мен жедел даму кезеңіне қадам басты. Теңіз жолдарының осал тұстары құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңызын арттырды. Қазақстан осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропа құрлығына бағытталған жүк тасымалының шамамен 85 пайызы еліміздің аумағы арқылы өтеді, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, көлік тораптарының айналасында жаңа өндіріс орындары мен сауда алаңдарын қалыптастыру маңызды.

Қазірден бастап халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшу қажет. Отандық логистикалық операторларды дамытуға, жүктерді шоғырландыру және тарату орталықтарын құруға ерекше басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ көлік тораптарының айналасында жаңа өндіріс орындары мен сауда алаңдарын қалыптастыру маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз: