Шағын бизнес – экономиканың қозғаушы күші: Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту туралы айтты
Қазақстанда орта бизнесті дамытуға арналған арнайы жоспар әзірленеді. Құжатта кәсіпорындарды ұзақ мерзімге қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және ірі компаниялармен байланысын нығайту тетіктері қарастырылуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты.
Президенттің айтуынша, шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40%-ға жеткен. Ал негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70%-ға жақындап келеді.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпкерлерінің үштен бірінен астамы сауда саласында жұмыс істейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы кәсіпкерлік құрылымын әртараптандыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр. Құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру әрі технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.