«Нұр Жолы» кеден бекетіне біріктірілген басқару жүйесі енгізіледі

«Нұр Жолы» кеден бекетінде біріктірілген басқару жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр.

Цифрлық технология шекарадағы мемлекеттік мекемелердің бірыңғай бағдарламамен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар тасымалы артады.  Қанатқақты жобаны келесі жылы толықтай енгізу жоспарланып отыр.  Өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі логистикалық орталыққа айналдырып, тарихи мүмкіндікті тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.  Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін тауардың 85 пайызы ел аумағымен өтетінін айтты. Жүктің басым бөлігі осы «Нұр Жолы» кеден бекеті арқылы рәсімделеді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, транзиттік көрсеткіш жыл сайын шамамен 17 пайызға артып отыр.   

Фархат Исаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- «Нұр Жолы» кеден бекетінің өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында арнайы техника мен жеңіл автокөліктер «Қорғас» ШЫХО  бағытталуда. Бұл жобада «Нұр Жолы» кеден бекетіне келетін жүк көліктер саны артуда. Мысалы, бұл жобаға дейін тәулігіне «Нұр Жолы» кеден бекетіне 631 жүк көлігі келетін болса, жоба қосылғалы бұл көрсеткіш 738 жүк көлігіне артты.

Сондай-ақ оқыңыз: