Ұлттық мәдениетті дамыту: Miras кеңесі қандай ұсыныстар жасады?

Ұлттық мәдениетті дамыту және тарихи мұраны сақтау.

Осы мәселелер "Әділет" партиясы жанындағы "Miras" республикалық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Жиынға зиялы қауым, мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты. Олар тарихи орындарға виртуалды экскурсия ұйымдастыруды, балалар шығармашылығын қолдауды және ауыл театрларын жандандыруды ұсынды. Сонымен қатар қазақ тілінің қолданысын кеңейту, әдебиет пен өнерді дамытуға назар аударылды. Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді партияның алдағы көшпелі отырыстарында кеңінен талқылау жоспарланып отыр.

Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

- Бұған дейінгі Жолдаудың барлығының кезеңі-кезеңімен сипаты болатын. Ал бұл стратегиялық бағытта, яғни Қазақ елінің өсіп-өркендеу жолындағы үлкен мәселелерді, оның ішінде әлеуметтік мәселелер, бүкілхалықтық құрылыс деген мәселелер айтылып жатыр. Оның бәрі елдің өркендеуіне керекті нәрселер. 

Жанарбек Әшімжанов, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Мемлекет басшысының Жолдауындағы келесі жылдан басталатын "Халықтық құрылыс" бағдарламасына қатысты, оның ішінде өңірлердегі мәдени нысандар, әлеуметтік нысандарға қатысты да арнайы тоқталған ағаларымыз оның бақылауын да, қаржылық бақылау, қаржылық тиімділігі және оның халыққа қолжетімділігі өзінің нақты ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз: