Депутаттар Көкшетаудың еңбек ұжымдарымен Жолдауды талқылады

Құрылтай депутаттары Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында өңірлерге аттанды.

Көкшетау қаласында олар ірі өнеркәсіп орындарының еңбек ұжымдарымен кездесіп, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жобалар туралы ақпарат берді. Елдегі энергетикалық тапшылықты жою үшін бірқатар ауқымды жоба жоспарланған. Атап айтқанда, болашақта «таза көмір» технологиясын қолданатын заманауи жылу электр орталықтарын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Құрылтай өкілдері жұртшылыққа Мемлекет басшысының 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасын түсіндірді. Бұл бастама аясында энергетика мен жол инфрақұрылымын ғана емес, әлеуметтік нысандарды да жаңғырту және дамыту көзделген. 

Асхат Рахымжанов, ҚР Құрылтай депутаты:

- Мәселен, балаларды оңалту орталығынан өткізуге орай квота қарастырылмаған. Ол үшін Астанаға баруға тура келеді. Президент қазір дәл осындай олқылықтарды жоюға мән беріп жатыр. Яғни тұрғындар ондай мекемелерді, мамандарды Астанадан іздемей, осы тұрғылықты жерден табу керек. Барлығы қолжетімді болуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз: