Екі жылда фармацевтика өндірісі 31% өскен
Былтыр елдегі фармацевтика нарығының көлемі 1 трлн 285 млрд теңгеге жетіп, екі жыл ішінде 31%-ға өскен. Ал оның ішінде отандық өндіріс көлемі 37% артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.