Ақтөбедегі халықаралық әуежайда жаңа терминал салынады

Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ жүк тасымалдау әлеуетін арттыруға сеп. Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға аптасына 80-ге тарта әуе көлігі қонады. Оның бесеуі - халықаралық бағыт. Ал таяуда Ақтөбеден Дубайға тікелей рейс ашылады. Яғни жолаушы саны еселеп артуы керек. Жоспарға сай жаңа терминал сағатына 600 жолаушыға қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, екінші ұшып-қону жолағын салу көзделіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Аружан Жүсіпәлиева, «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ сауда-саттық бөлімінің маманы:
– Шамамен 4000 метрге дейін болады. Жоспар бойынша қазіргі ұшып-қону жолағына параллель орналасады. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама аяқталды. Бұл құжаттаманы дайындауға облыстық бюджеттен ақша қарастырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: