Алматыда эпилепсияны анықтайтын озық құрылғы іске қосылды

Алматыда балалар эпилепсияның ауыр түрлерін анықтап, емдеуге арналған жаңа аппарат қолданысқа енгізілді. №2 балалар клиникалық ауруханасында елде алғаш рет 128 арналы бейне-ЭЭГ мониторинг кешені жұмыс істей бастады.

Бұл құрылғы эпилепсиялық ұстаманы тудыратын ми бөлігін жоғары дәлдікпен анықтайды. Операцияны жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа жабдық дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген науқастар үшін маңызды. 

Сондай жанның бірі – 12 жастағы науқас. Ол бүлдіршін уағынан осы дертпен ауырады. Бүгін дәрігерлер оның миына терең миішілік электродтарды имплантациялау операциясын сәтті жасады.

Гүлмарал Сүлейменова, №2 балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Бұл аппараттың өз электроттары болады. Сол миға терең қойылады. Бұл эпилепсияның қай жерден шығып жатқанын дәл анықтау үшін керек. ЭГГ-ның ерекшелігі - бейне ЭЭГ арқылы жүреді, мұны ұзақ түсіруге болады. Керекті жерлерге қойылып, нақты ол эпилепсия ошақ па, соны анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: