Елде ресми статистика қолжетімді бола түсті

8 қараша – статистика қызметкерлерінің күні. Биыл сала өзінің 106 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде статистика қолмен есеп жүргізуден цифрлық трансформацияға өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінде Ұлттық статистика бюросы деректердің 97%-ын электрондық форматта жинақтайды. Цифрлық жүйелердің арқасында кәсіпорындар мен ұйымдарға түсетін есептілік жүктемесі 30%-ға қысқарды. «Е-Статистика» жүйесі жаңғыртылып, «Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисі құрылды. «Талдау» платформасы интеллектуалды көмекшімен толықтырылды. Ал «Ұлттық анықтамалық ақпарат» жүйесі мемлекеттік органдардың өзара мәлімет алмасуына мүмкіндік беріп отыр. Жалпы елде ресми статистиканы қалыптастыруда 36 әкімшілік және 4 баламалы дереккөздің мәліметтері пайдаланылады.

Сондай-ақ оқыңыз: