Түркістан облысында 8,5 млн тоннадан астам өнім жиналды

Түркістан облысында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау маусымы аяқталды. Осы аптада шаруалар бірнеше алқапта қалған мақтаны теріп алмақ. Биыл облыста жалпы көлемі 8 жарым млн тоннадан астам бақша, дәнді және майлы дақылдар мен жем-жөп жиналды, деп хабарлайды 24KZ.


Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша облыс маусымаралық кезеңде елдің жылыжай көкөністеріне деген қажеттілігін 63 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл маусымда 150 мың тонна жылыжай өнімдері өсірілді. Су үнемдеу үшін егін шаруашылығы әртараптандырылып, ылғалды көп қажет ететін күріш алқаптары 7,5 мың гектарға азайтылды.

Бекзат Шортыш, Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

– Биыл Түркістан облысында жұмыстар толығымен ойдағыдай аяқталды. Негізгі басымдық әртараптандыруға және су ресурстарын тиімді пайдалануға берілді. Мысалы, әртараптандыру дақылдарының ішінде майлы дақылдар алқабы 28 мың гектарға артып, жалпы көлемі 98,3 мың гектарды құрады. Жүгері дақылы 6,4 мың гектарға артып, 46,5 мың гектарға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз: