«Ұлттық қор – балаларға»: 365 мыңнан астам адам игілігін көрді
Елде кейінгі үш жылда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 365 мыңнан астам адам өзіне тиесілі жинақты пайдаланды, деп хабарлайды 24KZ.
Оларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 76 млн доллардан асады. Ал биыл қаңтар-қыркүйек аралығындағы статистикаға бөлек тоқталсақ, 170 мың қазақстандық 45 млн долларға жуық төлем алған. Соның 31 млн доллары тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қалғаны білім алуға жұмсалған.
