Елде жүзден асқан 1323 қария бар
Ал жүзден асқан қариялар саны – 1 мың 323. Оның шамамен 80 пайызы – әйел. 284-і – ер адам. Ғасыр құрдастарының мыңға жуығы қалада, 370-і ауылда тұрады. Ұзақ ғұмыр иелерінің басым бөлігі Алматыда, деп хабарлайды 24KZ.
Мегополисте бүгінде жүзді алқымдаған 304 азамат мекендейді. Ал Қостанай облысында 149, Жамбылда 88, Түркістан облысында 83, Шығыс Қазақстанда 82, Абайда 76 тұрғын бар. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда, Атырау, Ұлытау және Маңғыстау облыстарында тіркелді.