Қытайда 4 жылда бала саны 17 млн азайды

Жалпы көп елде қарттар көбейіп, балалар азайған. Қарақұрым Қытайдың өзінде балабақша мен мектептегі бала саны 17 млн-ға кеміген. Бұл 2021-2025-ші жылдар аралығындағы ахуал, деп хабарлайды 24KZ.

Осының салдарынан білім беру ошақтары бос қалып жатыр. Билік мәселені шешу үшін сыныптарды біріктіріп, ғимараттарды басқа мақсатқа пайдалануға ниетті. Сондай-ақ бұдан былай қалалық мемлекеттік мектептер мигрант балаларын да қабылдамақ ойда. Қытай білім министрлігінің дерегі бойынша былтыр орта мектепте 189 млн бала оқыған. Ал бұл елде 65-ті алқымдағандардың қатары 223 млн-нан асқан. Сондықтан Бейжің білім беру жүйесін ғана емес, тұтас әлеуметтік саясатын қайта қарауға кірісіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: