Шарын шатқалы әлемде үздіктер қатарына енді
Шарын шатқалы әлемдік рейтингте үздіктер қатарына еніп, World Worthy тізімінде 17-ші орыннан көрінді, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл бұл рейтингке әлемнің 46 елінен 100 табиғи нысан енгізілді. Шарын шатқалы көз тартар ерекше ландшафтымен, сан ғасырлық алып жартастарымен халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отыр. Үздік танылғаны үшін «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы сертификат табысталды.