«Қазақстан темір жолы» ҰК ресми мәлімдеме жасады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Акционерлік қоғам 12 қарашада жарияланған ақпаратты сотқа дейінгі тергеу аясында назарға алғанын хабарлады. ҚТЖ құқық қорғау органдарына қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жария етілмейтіндіктен, әзірге қосымша түсініктеме бере алмайды. Сонымен қатар компания мен оның еншілес ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды. Инвесторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік серіктестер алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалатынын растады.

Сондай-ақ оқыңыз: