«Ауыл құтқарушылары» еріктілері моншадағы өртті сөндірді

фото: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Кирово ауылында жеке тұрғын үй ауласындағы моншадан өрт шықты, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

«Ауыл құтқарушылары» еріктілері шақырту орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Еріктілердің күшімен өрт шағын аумақта сөндіріліп, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ пештер мен жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз: