Инклюзивті білім беру талаптары кеңейтілді: 200 мыңнан астам балаға қатысты бұйрық қабылданды

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда инклюзивті білім беру мәселелері бойынша бұйрықты қабылдау кезінде Құрылтай депутаттарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту жағдайларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстары ескерілді, деп хабарлайды «24KZ». 

Бұл туралы Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиева «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға арналған Үкімет сағатында мәлімдеді.

Бұйрықтың бастапқы жобасын қарау барысында депутаттар жеткілікті деңгейде ескерілмеген бірқатар маңызды мәселені анықтады.

Атап айтқанда, арнайы кабинеттер ашудың нақты шарттарын бекіту, педагог-ассистенттердің міндеттерін айқындау, сондай-ақ педагогтерді мінез-құлықты түзету мәселелері бойынша оқытуды қарастыру ұсынылды.

Оқу-ағарту министрлігі депутаттардың ұсыныстарын ескеріп, тиісті бұйрықты қабылдады.

Бұл бұйрықтың артында 200 мыңнан астам баланың тағдыры тұр. Бұл – біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі, – деп атап өтті Динара Зәкиева.

Жалпы, Құрылтай депутаттары «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы 66 міндеттің 12-сі бойынша ұсыныстар берді. Олар міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз: