Қазақстан Халық Кеңесі адами капиталды дамытуға бағытталған бастамаларды ұсынды

Қазақстан Халық Кеңесінің отырысында білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөнінде 66 бастама қаралды. Олар сұранысқа ие мамандар даярлау, ғалымдарды қолдау, мектептегі білім сапасын арттыру және балалардың құқығын қорғау бағыттарын қамтиды, деп хабарлайды 24KZ.


Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер мен өңірлерді цифрландыруға басымдық берілді. Ұсыныстардың бірі – Ақмола облысында Smart City пилоттық жобасын іске қосу. Бұл бастама қала ортасындағы мәселелерді жүйелі түрде анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құмар ойындарға тәуелділікті ғылыми тұрғыдан зерттеу туралы пікірлер айтылды.

Мұрат Әбенов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Халық Кеңесінің басты мақсаты – елмен кеңесу. Міне, мен, мысалы, өзім «Кеңес ел» деген жобаны ұсынып жатырмын. Енді менің басқаратын комитетім – білім және адами капитал. Бұл жерде өте көп мәселе бар: мектептердің жағдайы, колледждер, университеттер, кадрлар даярлау. Енді алдағы уақытта халық құрылысы басталады, оған кадрлар қаншалықты жетеді?

Сондай-ақ оқыңыз: