Әлеуметтік желіге жас шектеуі енгізілуі мүмкін
Енді елде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Құрылтай қабырғасында онлайн-платформалар мен масс-медиа саласын реттейтін заң жобалары бірінші оқылымда қаралды.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалар TikTok, Instagram сияқты желілер мен YouTube онлайн платформаларында аккаунт аша алмайды. Жаңа құжатты Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев таныстырды. Мақсат жасөспірімдерді желідегі зиянды контенттерден қорғау. Алайда бұл шектеулер балалардың ата-аналары және мұғалімдермен байланысуына арналған мессенджерлерге қолданылмайды.