Елде AI-кеңселер ашылып жатыр

Енді азаматтар мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект көмегімен өздері ала алады. Өңірлерде жаңа форматтағы цифрлық кеңселер ашылып жатыр. Қазір Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз тұрғындары оператордың қабылдауын күтпей-ақ, қажетті қызметті өзі алып жүр.

Бұл үшін eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар қолданылады. Сараптамалық және оқу аймақтары да жұмыс істейді. Мұнда азаматтарға цифрлық сервистерді пайдалану және тиісті рәсімдерден өту барысы үйретіледі. 

Әрине, цифрлық кеңселерде кеңесшілер де бар. Жалпы елде қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгінетін азаматтар саны 30% қысқарды. Цифрлық кеңселер өзге өңірлерде де ашылады.  

Сондай-ақ оқыңыз: